Оралда жеті апаттық үйді бұзып, орнына жаңасын салу көзделуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл Орал қаласында жеті апаттық үйді бұзып, орнына жаңасын салу көзделуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оралда жеті апаттық үйді бұзып, орнына жаңасын салу көзделуде

Қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев сондай ғимараттың бірі - Некрасов көшесі 22-үй тұрғындарымен кездесті. Бұл ғимарат 1861 жылы, яғни бір жарым ғасырдан астам уақыт бұрын салынған.

«Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ басшылығының қатысуымен өткен жиын барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында апаттық және ескі үйлерді бұзып, олардың орнына жаңасын салу мәселесі талқыланды. Кездесу қорытындысында тұрғындар мен компания өкілдері аталған үйді бұзып, орнына жаңадан бес қабатты тұрғын үй салу туралы келісімге келді.
null 

«Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ бас директоры Мұхаметжан Кенжеғұловтың айтуынша, аталмыш үйде 12 отбасы тұрады екен. Құжаттары түгелденіп, бәрі заңға сәйкес болса, компания іске кірісуге дайын.

Қала әкімінің орынбасары А.Қайсағалиев бұдан бұрын «Болашақ-Т» ЖШС құрылыс компаниясы өкілдерінің қатысуымен Деповская көшесіндегі 2/6, 2/7, 2/8 мекенжайындағы апатты үйлердің тұрғындарымен осындай кездесу өткізген болатын.
null 

Айта кетейік, Оралда апатты деп танылған 43 үй бар. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2015 жылдан бастап осындай үйлерді бұзу және қайта салу жобасы қолға алынды. Бұған дейін жеті үй бұзылып, соның орнына салынған алғашқысы өткен жылы пайдалануға берілді.

null null