Оралда жоғалып кеткен 9 жасар бала іздестіріліп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кеткен тоғыз жасар бала іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бала Ескі әуежай ауданы Самал көшесі 94-үйден 5 қыркүйек күні сағат 17.40-та шығып кеткеннен оралмаған.

Ол - ерекше бала, Даун синдромына шалдыққан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың әлі табылмағанын, жеке құрамның іздестіріп жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар