Оралда жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 56 жастағы әйел Лидия Краденова бүгін қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығынан табылды.
Л.Краденова түнде әйелдер монастырында қонған. Ол қазір Зачаган полиция бөлімінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен әйелдің тоғыз күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.