Оралда жоғалып кеткен екі бала іздестірілуде

ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда қарашаның 23-де жоғалып кеткен сегіз жасар Ролан мен бес жасар Азамат іздестірілуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ата-аналарының сөзіне қарағанда, балалар бір-бірімен көрші тұрады. Судан құтқару қызметі, басқа да іздестіру топтары Жайық жағасын, осы маңдарды сүзіп шыққанымен, әзірге ешқандай нәтиже болмай отыр.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, полиция полковнигі Фатихолла Маштақовтың сөзіне қарағанда, әзірге ешқандай хабар жоқ.

Соңғы жаңалықтар