Оралда жоғалып кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің денесі орманда асулы күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда жоғалып кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, марқұмның мүрдесі 25 желтоқсан күні сағат 10.30-да Деркөл кентіндегі орманнан табылды.

«21 жастағы жігітке 24 желтоқсан күні іздеу салынған болатын. Ол 21 желтоқсан күні сағат 22.00-де Деркөл кентіндегі үйінен шығып кеткеннен оралмаған еді. Мүрде сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің үш күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.