Оралда жүк көлігі жасөспірімді қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралға қарасты Желаев ауылында жүк көлігі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда жүк көлігі жасөспірімді қағып кетті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем стансасына сағат 11.54-те шақырту түскен.

Сағат 12.00-де жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен. 2003 жылғы жасөспірім ашық бас-ми жарақатын алған. Сондай-ақ бассүйек түбегейі сынған. Ол қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Балалар урологы, хирург, анестезиолог, кардиологтан кеңес алынып, дәрігерлік көмек көрсетілуде.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.