Оралда жұмыспен қамту бөлімінің басшысына 1,2 млн. жуық теңге айыппұл салынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының 5 мамыр күнгі үкімімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы басшысы Айгүл Төкешева ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес (сеніп тапсырылған мүлікті рәсуалау және жымқыру)  айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 600 АЕК көлемінде (1 189,2 мың теңге) айыппұл салынды.
None
None

Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, А.Төкешева қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқара жүріп, белгілі бір тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары С. және қызметкерлері Н. мен Б-ның әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар санатына жатпайтынын біле тұра, оларды әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіргендердің тізіміне қосуға заңсыз нұсқау берген. Кейін олардың есепшотына түскен қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылып, А.Төкешеваға беріліп отырған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар