Оралда жыл соңына дейін 50 мың түп ағаш отырғызылмақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда жалпыхалықтық сенбілік кезінде ағаш отырғызу мен санитарлық тазалау жұмыстарына 11 мыңдай тұрғын қатысты.

Оралда жыл соңына дейін 50 мың түп ағаш отырғызылмақ

Олардың арасында қала кәсіпорын-мекемелері мен мемлекеттік органдар қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері бар.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов қала басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, ардагерлер мен жастар бірлестіктері көшбасшыларымен және халықаралық «Көршілер-Соседи-2016» Қазақстан-Ресей жастары лагері делегаттарымен бірге 7-інші және 9-шағынаудан аралығындағы жаңа алаң маңындағы көшеге 400 түптей ағаш отырғызуға қатысты.

null  

Сондай-ақ студент жастар Сарайшық көшесінде 1500 шаршы метр көгорайда жұмыстанды.

Бір айта кетерлігі, бұл жолы бұрын отырғызылмаған жаңа ағаш түрлеріне басымдылық берілді.

Жыл соңына дейін облыс орталығында 50 мың түп ағаш отырғызу көзделсе, соның 10 мыңы жаңа алаңда орын теппек. 

null