Оралдағы киік миграциясы: Ресеймен шекарадағы қоршауларды ашу мәселесі талқыланды

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовпен БҚО Жәнібек ауданында ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.  

Нысанбаев
Фото: Экология министрлігі

Кездесу барысында фермерлерді мазалап отырған мәселенің бірі киіктердің егістік және шабындық жерлерінің тапталуы талқыланып, шаруалардың ұсыныстары қарастырылды.

жиналыс
Фото: Экология министрлігі

Өз кезегінде министр шаруа қожалықтары жерлеріне киіктер таптауынан келтіріліп отырған қысымды азайту және алдын алу мақсатында министрлік тарапынан бірқатар шаралар жоспарланып отырғаны туралы жеткізді.

жәнібек ауданы
Фото: Экология министрлігі

Сонымен қатар, Ерлан Нысанбаев Жәнібек ауданында Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрлігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында киіктердің орал популяциясы мезгілдік миграциясына кедергі болып тұрған шекаралық қоршауларда өткелдер ашу мәселесі талқыланды.