Оралдағы әуежайдың ұшу-қону алаңы ғана стратегиялық нысан болып саналады – Ерұлан Жамаубаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Оралдағы әуежайды ресейлік бизнесменнің үлесі бар компанияға сатып алғаны туралы мәліметке түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралдағы әуежайдың ұшу-қону алаңы ғана стратегиялық нысан болып саналады – Ерұлан Жамаубаев

«Мұнда ұшып қонатын алаң ғана стратегиялық маңызы бар объект болып саналады. Алайда әуежайдың өзі, яғни ғимараты мен қоймалары, тағы басқа қоймалары жергілікті органға тиесілі объектілер мен «Ақжайық» әлеуемттік-кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі. Біз осы мәмілеге қатысты ақпаратты қосымша береміз. Қазір мен Мемлекеттік мүлікті басқару комитетіне тиісті тапсырманы беремін», - дейді вице-Премьер Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Бұған дейін жергілікті әкімдік Орал халықаралық әуежайы мемлекет теңгерімінде қалатынын хабарлаған еді.