Оралдағы мектептен 100-ден астам оқушы шығарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралдағы №23 мектептен 100-ден астам оқушы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 101 нөміріне бүгін сағат 14.05-те қоңырау шалынған.

Е.Орақбаев көшесі бойында орналасқан мектеп ғимаратында электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алып, түтіндеген.

Мектеп ғимаратынан 114 адам (104 оқушы, 10 қызметкер) шығарылды.

Оқиға орнына жеке құрамнан 23 адам 7 техникамен барды.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар