Оралдағы өрттен бір адам көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралдағы  тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оралдағы өрттен бір адам көз жұмды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Д.Қонаев шағынауданы 68-үйдің 17-пәтерінде (5-қабат) өрт болғаны жөнінде хабар сағат 08.27-де түскен.

Оқиға орнынан 50 адам көшірілсе, соның 10-ы  - балалар. Құтқарылған 17 адамның үшеуі - балалар.

Аумағы 25 шаршы метрді қамтыған өрттің 09.29-да беті қайтып, 11.11-де толықтай сөндірілген. Оқиға орын алған №17 пәтерден 1933 жылғы зейнеткер әйелдің мүрдесі табылған.

Өрттің себеп-салдары, келтірілген шығын анықталу үстінде.