Оралдық оқушы халықаралық дрон ұшыру чемпионатында үздік атанды

ОРАЛ. KAZINFORM - Татарстанның астанасы Қазан қаласында дрон жарысынан алғашқы халықаралық мультиспорттық Games of the Future турнирі өтті. Оған әлемнің 107 елінен, соның ішінде Қытай, Оңтүстік Корея, Франция және басқа елдерден 2000-нан астам спортшы қатысты. 

оқушы
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар дрон ұшыру бойынша үзік 6 командаға кірді.

Positive Technologies — «Дрондар жарысы» курсы бойынша ауқымды чемпионатта Қазақстан намысын «Aspan» деп аталатын құрама қорғады.

Оның құрамында Орал қаласының № 44 мектеп-гимназиясының оқушысы Даниял Казимов болды. Ол небәрі 15 жаста, дрондармен айналыса бастағанына көп болмаса да, халықаралық жарыстарға қатысып үлгерді.

«Дрондармен қазан айынан бері айналысып жүрмін. Өзім де таң қалдым, себебі мұндай деңгейге қол жеткізу — өте керемет. Жарыстың ауқымы да үлкен», — деді жас дрон ұшырғыш Даниял Казимов.

Айта кетейік, Aspan — Орал қаласынан келген дрон-жарыс бойынша кәсіби команда.

«Aspan — дрондар жарысы» курсында Қазақстанның атынан қатысқан жалғыз команда. Сонымен қатар, қазақстандық команда алғаш рет осы санаттағы халықаралық жарыстарға қатысты. Мұнда әртүрлі елдердің үздік ұшқыштары өз дағдыларын көрсету үшін бас қосты. Осындай көптеген командалардың ішінен біз алтыншы орынға ие болдық, бұл — жақсы көрсеткіш. Даниял дрон басқару бойынша Қазақстанның үздік ұшқышы атанды», -деп атап өтті Aspan Drone қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Асланбек Аминов. 

Айта кетейік, 250 мың доллар жүлде қоры үшін Беларусь, Болгария, Венгрия, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сербия, Түркия, Франция және Оңтүстік Корея командалары бақ сынасты.

«Болашақ ойындары» шынайы және виртуалды өлшемдердегі фиджитал-пәндер бойынша екінші мультиспорттық турнир 2025 жылы өтеді.

Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық жарыстарды қабылдауға ниет білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ ойындары» — жалпы жүлде қоры 10 млн доллар болатын диджитал-спорт тұжырымдамасындағы алғашқы халықаралық мультиспорттық турнир.

Турнир 21 ақпан мен 3 наурыз аралығында қазанда өтті.

Турнирге әлемнің түрлі елдерінен 260-тан астам халықаралық команда және екі мыңнан астам қатысушы қатысты. 

Соңғы жаңалықтар