17:57, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Оралдық белгілі саяхатшылар Сахара мен Гоби шөлдерін жаяу бағындырмақ ниетте
ОРАЛ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық ағайынды саяхатшылар Александр мен Сергей Синельниктер Сахара мен Гоби шөлдерін жаяу бағындырмақ ниетте,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таяуда егіздің кішісі Сергей Синельник Солтүстік мұзды мұхитты қайықпен бағындыруға арналған халықаралық экспедицияға қатысып қайтты. Қазақстан, Ресей және Финляндия саяхатшылары мінген «Лена» қайығы Рейкьявик қаласынан шығып, Шотланд аралдары арқылы Балтық бойына бағыт алған. Сапардың бұл жолы да қауіпті тұстары мол болғанымен, сәтті аяқталды.
Әдетте ағайынды Синельниктер сапарға бірге шығады. Олар осы кезге дейін әлемнің алпыстан астам елінде болып, 10 мың шақырым қашықтықты жолсызбен жүріп өткен. Бұрын шөл далаға мотоциклмен, мұхитқа қайықпен шықса, енді екі аяққа да сенім артпақшы.