Оралдық сақшылар таксистің көмегімен ұрыны ұстады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда полиция қызметкерлері таксистің көмегімен ұрыны ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Динара Әбділқалықованың айтуынша, бұл оқиға 30 қазан күні кешкісін болды. «Хозяин» сауда үйі маңында екі жас тұрғын таксиске келіп, ұялы телефонды сатып алуға ұсыныс жасаған. Қырағылық танытқан таксист мұның ұрланған дүние екенін біліп қалып, бас тартқан. Содан кейін ішкі істер органына хабарлап, әлгі екеудің соңына түсіп, қайда бет алғанын айтып отырған. «Галактика» сауда үйі, орталық мешіт маңында ұрылар бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Осы жерде біреуі автобусқа отырған. Сол кезде полиция қызметкерлері автобусты тоқтатып, ұрыны қолға түсірді. Кінәсін мойындаған ол бұдан бұрын да осындай қылмысы үшін бірнеше рет сотталған баукеспе болып шықты. Екінші күдікті әлі іздестірілуде.

Қырағылық көрсеткен таксист ақшалай ынталандырылатын болады.

Айта кетейік, оралдық сақшылардың автобусты тоқтатып, ұрыны ұстаған сәтін тұрғындар түсіріп алып, Инстаграм әлеуметтік желісіне жариялап жіберген.

Соңғы жаңалықтар