Оралдық суық қарумен ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдық 37 жасар тұрғын есірткіге елтіген күйінде суық қарумен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралдық суық қарумен ұсталды

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 маусым күні кешкісін Л.Толстой көшесі бойында орын алды.

Сағат 19.30 шамасында құрамында лейтенант Мақсат Қуанышев, қатардағы жауынгерлер Александр Ульянов пен Нұрланбек Хауметқали бар топ рациямен түскен бағдар бойынша жолда қөзін дөрекі ұстаған «Лада-2114» автокөлігінің жүргізушісін тоқтатады.

Ұлттық ұлан жауынгерлері оған қоғамдық тәртіпті бұзғандығын айтып, құжаттарын көрсетуді өтінді. Алайда заңды талапқа құқық бұзушы бағынбай, бұларды балағаттай бастады.

Куәлардың қатысуымен автокөлікті қараған кезде одан тыйым салынған заттар - үш «Психотроп», бір «Финезепан» таблеткасы, «Пионер» аэрозольды тапаншасы, қолдан жасалған екі пышақ табылды.

37 жасар тұрғынның есірткіге елтіген күйде болғандығы медициналық куәландырумен расталды.

Суық қарумен қолға түскен күдікті полиция қызметкерлерінің қолына тапсырылды.