Оралдықтар сенбілікке шықты

ОРАЛ. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдықтар бүгін жалпықалалық сенбілікке  шықты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада қыркүйектің 1-і мен қазанның 1-і аралығында санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы жарияланған болатын. Сенбілік кезінде қаладағы мекеме-кәсіпорындар, оқу орындары өздеріне бекітілген аумақтарды тазартуға жұмылды. Күл-қоқыс, тұрмыстық қалдықтарды тасу үшін арнайы көліктер ұйымдастырылды.

Сенбіліктер сондай-ақ қыркүйектің 12-сі мен 26-сында да өткізілмек.

Биылғы тазалық айлығы қыркүйектің 19-ына белгіленген қала күніне байланысты жарияланып отыр.

Соңғы жаңалықтар