Оралдың футбол командасы Ақтөбеде өткен турнирде жеңімпаз атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында Жеңіс күніне орай 2009 жылғы балалар арасында өткен республикалық турнирде Оралдан барған «Футбол Кидс Уральск» командасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оралдың футбол командасы Ақтөбеде өткен турнирде жеңімпаз атанды

null

8 мамыр күні басталып, бүгін мәреге жеткен жарысқа барлығы жеті команда қатысып, олар екі топқа бөлініп, күш сынасты. Оралдықтар (бас бапкері Болат Шалаев, клуб жетекшісі Болат Сариев) топтық бәсекеде «Севильяны» 5:1, «Интерді» 4:2 және «Ақтөбе» футбол клубының 2009 жылғы құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Жартылай финалда «Рубинді» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал финалда алаң иелері - олимпиадалық резервтегі Ақтөбе облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебінің командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Команда құрамында Жаһангер Алғазиев, Диярхан Қарабалинов, Тайыр Байқатов, Нұрдәулет Шернияз, Мансұр Ибрашев, Нарұл Ғайсағали, Алан Имаш, Арыстан Әбілғазиев, Әбілмансұр Бисен, Олжас Сәбит ойнады. Осылардың ішінен А.Әбілғазиев турнирдің үздік ойыншысы атанды. Ал Н.Шернияз команда үздігі болып танылды.

null

«Балдырғандарды жаттықтырудан тәжірибем жоқ емес. Бала кезінде Орал футболының жарық жұлдызы Нұрбол Жұмасқалиевті де баптап едім. Бірақ сегіз жасар балаларды мұндай жарысқа бірінші рет апардым. Олар біз ойлаған межеден асып түсіп, шеберлікке қоса табандылық пен қайсарлық таныта білді. Балаларына қолдау көрсеткен ата-аналарына да алғысымды айтамын», деді Болат Шалаев.

null