Оралдың «Қазақ халқына мың алғыс» монументінде мерекелік шара өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Алғыс айту күніне орай Батыс Қазақстан облысында шаралар өтуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бүгін таңертең қала жұртшылығы «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанына жиналды.

Митингіде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қазақ халқының әуелден өз салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытумен бірге өзге ұлттарға деген мейірбандылығы ерекше болғандығын жеткізді.

«Өткен ғасырдың жиырмасыншы және отызыншы жылдары қазақ даласына басқа жерлерден депортацияланған түрлі ұлт өкілдерінің келіп, қоныстанғаны белгілі. Міне, қазақ халқы солардың бәріне суын беріп, нанын бөлісті. Бүгінде Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Осыған орай Алғыс айту күнін атап өтудің терең философиялық мәні бар. Сондықтан бір-бірімізге айтар алғысымыз таусылмасын, бірлігіміз мығым, болашағымыз жарқын болсын!», - деді Ғабидолла Абдоллаұлы.

Жиында сондай-ақ, «Вайнах» шешен-ингуш және кәріс этномәдени бірлестіктерінің төрағалары Данильбек Саратов пен Максим Пак осы ұлт өкілдерін кезінде қазақ халқы құшақ жая қабылдап, бауырына басқанын айтып, сол үшін ризашылықтары шексіз екендіктерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар