Оралдың құс фабрикасында 150 тонналық резервуар өртеніп жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін «Орал құс фабрикасы» ЖШС аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралдың құс фабрикасында 150 тонналық резервуар өртеніп жатыр

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сағат 16.00-де 150 тонна жем қалдықтары (күнбағыс күнжарасы) сақталған үлкен сыйымдылықтың жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнында 25 адам, 6 техника жұмыс жасауда.

Сағат 17.02-де оқшауланған өрт сөндірілу үстінде.