Оралға қарасты Деркөл ауылында 1,1 млрд. теңгенің абаттандыру жұмыстары атқарылмақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл Орал қаласына қарасты Деркөл ауылындағы 1-детальды жоспарлау жобасы шағынауданын абаттандыруға республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оралға қарасты Деркөл ауылында 1,1 млрд. теңгенің абаттандыру жұмыстары атқарылмақ

Қалалық құрылыс бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, осы қаржыға 15 шақырымдай ауылішілік жолға асфальт төселеді, тротуар салынып, арық жүйесі жасалады. Келесі кезекте 2-детальды жоспарлау жобасы бойынша осындай жұмыстар атқарылатын болады.

Айта кетейік, аталмыш жоба 2014 жылы қолға алынып, өткен жылы 18-інші және 7-інші көшелерге 2 км қатқыл табанды жол салынған болатын. Биыл 16-ыншы және 17-інші көшелерде жол салынбақ.