Оралман студенттерді қолдайтын білім беру бағдарламасы бойынша дәстүрлі жарыстың қорытындысы шығарылды

АЛМАТЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда оралман студенттерді қолдайтын білім беру бағдарламасы бойынша дәстүрлі жарыстың қорытындысы шығарылды,

Оралман студенттерді қолдайтын білім беру бағдарламасы бойынша дәстүрлі жарыстың қорытындысы шығарылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Альянс банк» АҚ мен коммерциялық емес қайырымдылық «Seimar Social Fund» бағдарламасының талабы бойынша бұған жоғары оқу орындарының сессияларынан 4,5 балдан жоғары баға алған 2-5 курс студенттері, магистранттары мен аспиранттары қатыса алады. Сондай-ақ олар түрлі ғылыми конференциялардың, олимпиада және тағы басқа сайыстардың қатысушысы болу керек. Мақсат ? тарихи отанына оралған ЖОО-да үздік оқитын оралман-студентерге материалдық жәрдем беру. Патриоттық сезімін ояту арқылы еліміздің ғылыми, мәдени және қоғамдық өміріне қызықтыру», дейді қордың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Сәкен Сейфуллин. Ал қордың атқарушы директоры Айғаным Малишеваның айтуынша, биылғы жарысқа еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам өтініш түсті. Іріктеліп алынған үздік 20-ның арасында - Павлодар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінен, «Қайнар» университетінен, Қазақтың ұлттық аграрлық университетінен, Қазақтың Абай атындағы педагогика университетінен, Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен бір-бірден, Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінен екі-екіден, Қазақтың Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен - үш, Қ. Сәтбаев атындағы ұлттық университетінен бес үздік оралман студент бар. Бұл 20 студентке «Альянс банкте» жеке шот ашылып, оған 120 мың теңгеден ақша аударылып отыр.