Оралмандар қоныстанатын аймақтарды өздерi таңдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елге оралуға бел буған қандастарымыз үшін жағымды жаңалық. ҚР Үкіметі өзге мемлекеттерден оралған этникалық қазақтардың Қазақстанда емін-еркін қоныстануына мүмкіндік беретін қаулы қабылдады.

Оралмандар қоныстанатын аймақтарды өздерi таңдайды

«Халықтың көшi-қон мәселелерi туралы» Заңның көптеген аспектiлерi қайта қарастырылып, жеңiлдетiлдi. Мәселен, бұның алдында оралмандарды жайғастыру аймақтарын Үкiмет шешетiн. Өзге өлкеге көшкiсi келген қандастарымыз өздерiнiң төлем қабiлеттерiн растау керек болған. Ендi оралмандар қоныстанатын аймақтарды өздерi таңдайды.

ҚР Үкiметi еңбек ресурстары жеткiлiксiз аймақтарды анықтап, сондай өңiрлерде тұруға ниет танытқан қандастарға әлеуметтiк пакеттер ұсынады. Осылайша, ынталандыру арқылы қоныстандыру мәселелерін реттеу тетіктері қарастырылған.

Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарынан-ақ Қазақстанның негізгі көші-қон саясаты сырт мемлекеттерде тұрып жатқан этникалық қазақтарға елге қайтадан оралуға мүмкіндік жасау болатын. Кейінгі жылдары осы іс одан әрі күшейе түсті. Оның ішінде көші-қон саясатын жетілдіру, қандастарымыздың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері қолға алынып келеді.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанға оралған репатрианттардың саны 750-850 мың көлемінде. Олардың алдында үлкен мәселелер тұр. Оның ішінде жұмыспен және баспанамен қамтамасыз ету, тілдік кедергілер, азаматтық алу сынды өзекті түйткілдер бар.