Ораза айт қазақстандықтардың ынтымағын арттыра түсетін берекелі мейрам - Ғ.Телебай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ораза айт қазақстандықтардың ынтымағын арттыра түсетін берекелі мейрам. Бүгін Астанадағы Әл-Ғани мешітінде Ораза айт мерекесіне орай өткен «Үлкен ел-үлкен отбасы» атты қайырымдылық шарасына қатысты «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары Ғазиз Телебай осылай мәлім етті. Еске салайық, қайырымдылық акциясын өткізуді Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР мұсылмандары діни басқармасы қолдап, «Астана қалалық өзбек этномәдениет орталығы» мұрындық болған.
None
None

Журналистерге берген сұхбатында Ғазиз Телебай Ораза айтының мәні мен маңызына тоқтала келе, исі мұсылман үшін қасиетті саналатын ұлық мерекенің қайырымдылық пен ізгілікті арттыруға көп септік болатынын жеткізді.

«Бұл еліміздегі қазақтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мейрамы. Өйткені бұндай мейрам бейбітшілікке жұртты шақырып, бірлікке үндейді. Бүгін өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Әл-Ғани мешітінде өткен бұл бастама шындығында көпұлтты қазақстандықтардың ынтымағын арттырып, біріге түсуге жағдай жасайды деп санаймын», - деді Ғ.Телебай.

Оның айтуынша, бұл мейрам еліміздегі барлық ұлт өкілдері үшін ортақ шара. Өйткені адам бойындағы ізгілік пен мейірбандық ұлтқа, дінге бөлінбейді.

«Жалпы, осындай акциялар арқылы Қазақстан өзінің барша азаматтарының құндылықтары мен мақсаттары ортақ екендігін бар әлемге паш етеді», - деді Ғ.Телебай.

Соңғы жаңалықтар