Ораза айт мейрамы - адамдардың көңіліне мейірім ұялатып, жанын жадырататын ұлық мереке - Қ. Мәмидің құттықтауы
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Сенат Спикері Қайрат Мәми өз блогында барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтады. ҚазАқпарат құттықтау хатының мәтінін жариялап отыр.
Ораза айт мерекесі құтты болсын!
Баршаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!
Сабыр мен шыдамдылық, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айқын көрініс тапқан рамазан айынан кейінгі тойланатын Ораза айт мейрамы - адамдардың көңіліне мейірім ұялатып, жанын жадырататын ұлық мереке.
Шілденің шіліңгір ыстығына қарамастан ораза ұстап, ізгілік пен имандылыққа ұмтылған еліміздегі барша мұсылмандар шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам Қазақстан жұртшылығына құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін!