«Ораза қабыл болсын!» бағдарламасы: Ең күшті адам кім

Нұрлан Байжігітұлы
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - «Ораза қабыл болсын!» тікелей эфирінде бұл жолы сабыр тақырыбы қозғалды. Өйткені «Рамазан – сабыр айы». «Мінездің ішіндегі сабыр дегеніміз не?» деген сауалға эфир тізгінін ұстаған дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы кеңінен тоқталды.

«Құранның 70-ке жуық аятында сабыр неліктен ерекше мақталады?» дей келе, көркем мінездің бірі - сабыр ету білу туралы, бос уақытты ашу, ыза-кекпен емес, біліммен толықтыру керек екенін, сабыр - бала тәрбиесіндегі ең ұлы қасиет екенін айтты. Сондай-ақ көрермендер тарапынан түскен сауалдарға да астарлы әзіл, әдемі қалжыңмен тыңғылықты жауап берді.

«Иман неге әлсірейді?» деген көрермен сұрағы біраз мәселені ашып айтуға негіз болды. Адам мұсылмандық парыздарына жалқауланса, иманның әлсірейтінін, білім алуға, ғылым игеруге, кәсіп үйренуге, өзін-өзі дамытып өркендетуге, еңбек етуге, бала-шағаны асырауға ерінсе, оны біреу әкеліп бермейтінін айтты.

«Айтыңыздаршы, біз соншалықты рухани әлсіз адам болғанымыз ба? Бұлай болса, сабырдың сары алтынына қалай жетеміз? Әлде «Ей, иман келтіргендер! Сабыр етіңдер, тұрақтылық танытыңдар, дайын әрі мұқият болыңдар» деген Жаратқанның сөзіне сенбейміз бе?»,- деді дінтанушы.

Сондай-ақ ол егер, әр адам осы сөзге мән берсе, бұл ешқандай коуч, психолог, мотиватор, тренингті қажет етпейтін және табысқа жетудің басты қадамы болар еді деді. Сондықтан оразаның 30 күнінде де иманның қалқаны болған сабырға жүгінген адам ең күшті адам деген тұжырыммен көрерменге ой салды.

Соңғы жаңалықтар