Ораза қиын кезде қуаныш сыйлап, сенімді нығайтады деп үміттенемін - Дариға Назарбаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандықтарды қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ораза қиын кезде қуаныш сыйлап, сенімді нығайтады деп үміттенемін - Дариға Назарбаева

«Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Ораза айының келуімен құттықтаймын!

Бұл – айлардың ұлығы, барша мұсылман қауымын тазаруға бастайтын, сенімін нығайтып, рухани тұрақтылықты шыңдайтын уақыт.

Бүкіл адамзат коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қиын-қыстау күндері барлық қағидаларды ұстану және денсаулықты сақтау маңызды болып қала береді. Қазіргі қиын кезде Ораза қуаныш пен бақыт сыйлайды, тыныштық пен сабыр береді, сенімді нығайтады деп үміттенемін.

Барлық қазақстандықтарға рухани келісім, мықты денсаулық және береке тілеймін», - деп атап өткен Сенат Төрағасы.