Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Қасиетті Рамазан және мұсылмандардың бес парызының бірі - Оразаның басталу күні.
None
None

Рамазан - мұсылман күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман қауымы ораза тұтады, оны парсы тілінде «Рузе», түрік тілінде - «ураза», ал қазақ тілінде «ораза» деп атайды. Ораза тұтуды 624 жылы Мұхаммед пайғамбар белгілеп кеткен.

Шариат бойынша ораза тұту дегеніміз, таң сәріден күн батқанша дейін тамақ пен судан, басқа да тән ләззатынан еркін түрде бас тарту. Ораза - мұсылманға берілген бес парыздың үшіншісі. Ораза тұту Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарында жазылған.

Мұсылмандар осы айда ораза тұтады, тұрып намаз оқиды, Құран оқуларына қатысады, зекет пен садақа береді. Сонымен олар өздерінің жүректеріне имандылық ұялатып, рухани тазаланады, өйткені дәл осы айда адамдарға Қасиетті Құран Кәрімнің бірінші аяттары жіберілген болатын.

Соңғы жаңалықтар