«Орбит» сағызын ұрлаған Ақтау тұрғынының ісі медиациямен аяқталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық сотының қаулысымен Ш.-ға қатысты қылмыстық іс медиация рәсімімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орбит» сағызын ұрлаған Ақтау тұрғынының ісі медиациямен аяқталды

Сотта анықталғандай, Ақтау қаласының тұрғыны Ш. «Дана» супермаркетінен «Орбит» сағызы салынған 3 қорапшаны ұрлап кеткен. Әр қорапшада 10 данадан, барлығы 30 сағыз болған. Осылайша ол жәбірленушіге 13 500 теңге шығын келтірген.

Істі қарау барысында тараптар бір-бірімен ымыраға келіп, татуласуына байланысты, қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды. Сотталған Ш. жәбірленушіге келтірген шығын көлемін қайтарды, ал, жәбірленуші оған кешірім берді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.