Орбитада соқтығысқан жерсеріктердің сынықтары Техасқа құлады

ВАШИНГТОН. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Азаматтық авиация жөніндегі федералды басқармасы Техас штатының барлық аумағынан аспаннан түсіп жатқан сынықтар туралы көптеген хабарлар алып отыр.
None
None
Басқарма мамандарының айтуынша, олар өткен сейсенбі күні орбитада соқтығысқан екі жерсеріктің бөлшектері болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Басқармаға жексенбі күні таңертең қоңырау шалған кейбір адамдар, аспанда отты шарға ұқсас нәрселерді көргендерін айтқан. Азаматтық авиация жөніндегі федералды басқарма өкілі Роланд Хервигтің айтуынша, бірқатар мамандар әлгі сынықтар «ақпанның 10-ында соқтығысқан американдық «Ирридиум» мен ресейлік «Космос-2251» жерсеріктерінің бөлшектері болуы мүмкін», деп пайымдауда, бірақ бұл ақпарат әзірге қуатталған жоқ.
Соңғы жаңалықтар