«Орда» блог-тұғырнамасы байқау өткізуде

АЛМАТЫ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - HORDE.KZ блог-тұғырнамасы Қазақстан блогсферасының жаңа жұлдыздарының шырағын жағу мақсатында ай сайын байқау өткізуде.
None
None

Оған қатысушылар бір ай бойы танымал болып, оқырмандарын 1 ай бойы ұстап тұру керек. Блогшылардың рейтингі ай сайын жаңартылып, қайтадан нөлден басталады.

«Ғаламторды қолданушылардың көпшілігі жеке блогты - тұрдым, таңғы асымды іштім, университетке бардым деген деңгейде ғана жүргізеді. Менің пайымдауымша,  қазақстандық блогсферада сарапшылар мен көзқарас көзбасшылары жетіспейді. Сондай-ақ аймақтарда авторларға қажеттілік бар. Біздің мақсат - жаңа бастаған талантты блогшыларды тауып, оларға көмектесу», - дейді коммерциялық директор Нұрке Халықберген.

Оның айтуынша, «Орда» блог-тұғырнамасының әкімшілігі шілдедегі байқаудың 3 жеңімпазына :  iPad 3 планшеті, AmazonKindleFire электрондық кітапханасы мен   iPodnano ойнатқышын әзірлеп қойды. Тамыз айындағы байқау туралы толық ақпаратты www.horde.kz cайтынан білуге болады.

Соңғы жаңалықтар