Орда бұзар отызға жеткiзбей жалмап жатыр - баспасөзге шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 30 шілде, сәрсенбi күнгі республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
*** "Егемен Қазақстан" газетiнiң бүгiнгi санында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер Академиясының профессоры Смағұл Елубайдың мақаласы жарық көрдi. Онда танымал қаламгер бүгiнгi елiмiздiң бағыт алған мақсатына, таңдаған жолына талдау жасауға тырысқан.
"Әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына да қосылдық. Осы қарқынмен тарта берсек, иншалла, дамыған 30 ел қатарына да қосылуымыз мүмкін. Ылайым солай болғай!
Бірақ… Бір «бірақ» бар. Сол біз үлгі еткен, біз беттеп келе жатқан қоғам, шынында, қандай қоғам? Оның бүгінгі сиқы қандай? Сол қоғам, яғни, біздің алдымызда келе жатқан капитал көші қайда барады? Бізді қайда бастап барады? Мазалайтын осы сұрақтар", - дейдi жазушы.
Е. Смағұлдың ойынша, б ақуатты болашаққа Қазақстан ешкімнің қателігін қайталамай, өз жолымен баруына әбден болады. "Ол қандай жол? Ол – бір жағынан: әлемдік тәжірибеге сүйенген, екінші жағынан: өзінің ұлттық тәжірибесіне сүйенген жол. Яғни, сан ғасырлық сынақтан өткен екі тарихи тәжірибеге сүйенген жол. Дамыған елдерден қазақ қоғамы капитал жинауды үйренсе, өзінің далалық дәстүрінен иман жинауды үйренеді. Екі түрлі өркениеттің екі ұлы қасиетін Қазақстан өзінің қос қанаты етеді", - деп атап өтедi ол.
"Өнер сүйген кісіні жан рахатына бөлейтін, мейіріңді қандырып, көңіліңді сергітетін «Бір кезде Ақан едім аспандағы» деп аталатын ғажап кітап шықты жақында. Авторы – қазақтың көрнекті қаламгері әрі сүйікті композиторы Илья Жақанов, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан".
Сергелдеңге салғандай азапты, ләззатты, шытырман оқиғаға толы осы бір деректі хикаятты оқып отырып Ақан серімен бірге тозақтың отына түскендей, бірге жұмақтың бағын кешкендей, бірге ғажайып ертегінің ішінде жүргендей боласың. Бастан-аяқ сиқыршыдай арбайды да отырады", - делiнген "Ақан сері өмірінің ақиқаты" атты мақалада.
***
Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының берген деректері жағамызды ұстатты, деп жазады "Айқын" газетi.
"Өкінішке қарай, өмір сүрудің осы бір қарапайым үлгісіне немқұрайлы қарайтындар көп", - делiнген "Орда бұзар отызға жеткiзбей жалмап жатыр" атты мақалада. "Иә, алысқа бармай-ақ, Астананың өзінен мысал айтайық, осы жылдың бірінші жартысында бас қаламызда АИТВ инфекциясын жұқтырған 65 адам тіркелді. Оның ішінде өмірге сәби әкелгелі отырған 17 ана бар! Тағы бір жан түршігерлік дерек, соңғы жарты жылда елордамызда СПИД-тен 9 адам көз жұмды. Соның басым бөлігі – 30 жасқа да толмаған қыршын жастар. Міне, «ғасыр дерті» жас талғамайтынын көрсетіп берді, оғыландарымызды орда бұзар отызына жеткізбей жалмап жатыр"
Ұсақ қара базарлардың әуселесi құритын күн алыс емес сияқты. Заман талаптарына сай, Қазақстанда олардың орнын iрi өркениеттi сауда орындары басатын болады. "Айқын" газетi "Қара базар өз мiндетiн атқарды" атты мақаласында осы мәселеге қатысты бiраз жайттар талданған.
"Жуырда ғана өткен RetailbusinessKazakhstan–2014 саммитінде бірқатар маңызды мәселелер, соның ішінде ірі ритейлерлік жүйелерді дамыту қаралды. Жиынға, негізінен, ірі компаниялардың өкілдері қатысқандықтан, әңгіме өзегі келешектегі ірі сауда кешендерінің дамуы жөнінде болды. Бірінші кезекте ұсақ қара базарларды бұзып, олардың орнына өркениетті сауда алаңдарын салу туралы көп айтылды", - делiнген материалда.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитетінің өкілі Қайрат Ертуғанов келтірген мәліметтерге сәйкес, 2013 жылы барлық сауда орындарының жартысын дерлік әртүрлі базарлар құрапты. Үй іргесіндегі дүкендер 21 пайыз ға , супермаркеттер мен сауда ойын - сауық орталықтарының үлесі сәйкесінше 4,3 және 3 пайызға тең болған.
"Әрине, билік басындағы шенеуніктер бірте-бірте ұсақ қара базарларды бұзып, олардың орнына ірі ритейлерлік жүйелерді енгізу арқылы өркениетті сауда-сат т ыққа өту бастамасын қолдайды. Оған дәлел ретінде көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің қажеттігін келтіреді. Осы жерде оқырмандарға түсінікті болуы үшін «ритейлерлік жүйе» дегеннің не екенін айта кетейік. Ағылшын тіліндегі «retailer» сөзі – бөлшектеп сатушы деген мағынаны білдіреді. Оның үстіне ритейл немесе ретейл – жай ғана бөлшектеп сату емес, жаппай сатып алушыға бағытталған бөлшек сауда. Осы тұрғыдан кез келген супер немесе мегамаркетті ритейлерлік кәсіпорын деп қарастыруға болады. Ретейл жүйесімен жұмыс істейтін компания әдетте ірі бизнес жүргізеді. Ол әрқашан шығынды азайтып, сатып алушылар қатарын көбейтуге мүдделі. Ал біздегі бизнестің негізгі түрі – сауда-саттық. Сол себепті де ретейл-технологиялар бизнестің өзекті мәселелерінің арасында жетекші орынға шығып отыр", - деп жалғастырады мақала авторы.
***
Ақмола облысының археологтары теңдессiз дүниеге тап болды, деп хабарлайды ресми тiлде шығатын "Экспресс К" басылымы.
Кенеткөл ауылының маңында Қошқарбай қорымынан ғалымдар свастика бейнеленген ыдыс-аяқ тауып алды. Болжам бойынша аталмыш заттар көне арийлiктерге тиесiлi.
"45 метр тереңдiкте андронов мәдениетiнiң арийлiк тайпаларға тән күн мен жер бөлiктерi бар символикалық орнаменттер бейнеленген ыдыс тар дың сынықтары табылды", - дейдi Мәдени мұраларды қорғау орталығының ғылыми қызметкерi Серiк Ысқақов.
Толығырақ "Свастика на грани фантастики" атты мақаладан оқи аласыздар.