Ордабасы ауданының әкімі ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысты - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков Төрткүл ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, шаруалармен жүздесті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ордабасы ауданының әкімі ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысты - ОҚО

 Ондағы мақсат - ауылдықтарды ойландырған өзекті мәселелерді, шаруашылықтардың бүгінгі хал-ахуалымен жіті танысу.  Ол "Төрткүл Агро" ауылшаруашылық өндірістік копперативінің, "Рамазан Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігін көрді. Аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлан Батырбеков шаруашылықтағы түйткілді мәселелерді алға тартты.

Биыл аудан бойынша 7130 гектарға мақта егіліп, 15028 тонна өнім жиналды. Шаруашылықтар әр гектарынан 25 центнерден өнім алып, алдағы жылға егістік көлемін ұлғайтуды жоспарлауда.

Аудан әкімі Ордабасы өлкесінің бір кездері мақталы алқап болғанына тоқталып, ауыл ардагерлеріне шаруашылықтар тарапынан ұсынылатын талап-тілектердің назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді.

Айта кету керек, Төрткөл, Бөген, Жеңіс және Қарақұм ауыл округтерінде мақта шаруашылығын дамытуды, бұл өңірлерде мақта егісін 9000 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Осы орайда, суармалы жерлердің жағдайын жақсарту және жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу үшін тағы 187 тік дренажды іске қосуға жұмыс жасалмақ. Бүгінде аудан бойынша жылыжайлардың көлемі 7,18 гектарға ұлғайғаны да  үлкен жетістік.