«Ордабасы» ФК-да «кадрлық тазарту» болады

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан жастар командасының және шымкенттік «Ордабасы» клубының футболшысы Бақдәулет Қожабаев павлодардың «Ертісіне» ауысатын болды.
None
None

Бұл туралы Vesti.kz хабарлап отыр.

Павлодарлық клуб көптен бері қорғаушы іздеп жүрген болатын. Сондықтан шымкенттіктердің қатарындағы негізгі құрамдағы орнынан айырылған Қазақстан жастар құрамасының ойыншысына таңдаулары түсіпті. Жуырда екі тарап келісімге қол қояды деп күтілуде.

«Егер ол клубтан кеткісі келсе, мен тек сәттілік тілеймін», - дейді Ордабасының жаттықтырушысы Виктор Пасулько бұл мәселеге қатысты.

Сайттың хабарлауынша, командадан тағы да біраз футболшылар «ұшатын» көрінеді. Мәселен үш жылдық келісімге отырған жартылай қорғаушы Артем Касьянов трансферге қойылған. Сондай-ақ «Ордабасының» негізгі құрамына өтпей қалған Ренат Абдулин, Давид Чагелишвили және Санат Жұмахановтардың да клубта қалу-қалмауы екіталай.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық футболдың премьер-лигасындағы жазғы трансферттік терезе 8 маусымда ашылады.

Соңғы жаңалықтар