«Ордабасы» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін оңтүстікқазақстандық «Ордабасы» ФК жаңа бас бапкері тағайындалды. Бұл қызметті 62 жастағы маман Бақтияр Байсейітов атқаратын болды, деп жазады Sports.kz.
Бақтияр Байсейітов футболшы ретінде шымкенттік «Мелиоратор» және алматылық «Қайрат» футбол командаларының құрамында ойнаған.
Бас бапкер ретінде «Қайратта», Қазақстан құрамасында, «Ордабасы» және «Атырау» командаларына жетекшілік еткен.