«Ордабасы» футбол командасының ойыншылары киелі Отырар жерінде болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының «Ордабасы» футбол командасының ойыншылары киелі Отырар жерінде болды. Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтың арнайы шақыртуымен келген аяқдопшылар Арыстан баб кесенесін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың елімізде бұқаралық спортты дамыту жөнінде бағдарламалық тапсырмалар бергені белгілі. Осы ретте футболдан ел біріншілігінде облыстың намысын қорғап жүрген «Ордабасы» клубының мүшелерін қонаққа шақырған аудан әкімі Ерлан Айтаханов спортшыларды қақпадан  күтіп алып, бүгінде Отырардың брендіне айналған шұбат ұсынды.
null 

Бас қақпада аз-кем аялдаған қонақтар бірден Арыстан баб әулиенің кесенесіне бет түзеді. Мысыр жеріндегі ғұлама бабамыз - Әбу Насыр әл-Фараби мен даңқты қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың зираттарынан әкелініп, топырақтары осында қойылған кешенмен танысты.

Қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген сапарда қонақтар Арыстанбаб кесенесінде Құран оқып, ниет білдіріп, құрбан шалды. Мұнан соң құрметті қонақтар арнайы жайылған дастархан басында бас қосып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Басқосуда «Ордабасы» клубының президенті Бақтияр Байсейітов аудан басшысына осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін клуб мүшелерінің атынан ризашылығын жеткізіп, Ерлан Қуанышұлына «Ордабасы» футбол клубының қос жейдесі мен отырарлықтарға арналған кәдесыйын табыстады.
null 

Аудан әкімі өз кезегінде негізгі құраммен келген командаға алғысын айта отырып, отырарлықтардың атынан Бақтияр Даниярұлы бастаған Алексей Петрушин, Айтқұл Ақынбаев, Самат Смақов, Тимур Иксанов, Павел Пишулиндердің иықтарына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

Мұнан кейін спортшылар «Руханият-Әбу Насыр әл-Фараби» музейін аралап,  тағылымы мол тарихи құндылықтармен танысты. Журналистер мен футбол жанкүйерлеріне арнап баспасөз конференциясын өткізді. Клуб президенті қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Мемлекеттік Әнұран авторларының бірі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған жеріндегі «Алпамыс батыр» атындағы спорт кешенінде «Ордабасының» негізгі құрамы мен Отырар ауданының құрамасы жолдастық кездесу өткізді.
null 

Бұқаралық спортты дамыту, жастардың аяқдопқа деген қызығушылығын арттыру  мақсатында өткен ойында жеңіс төріне достық пен ынтымақ шықты. 

null null 

Соңғы жаңалықтар