“Ордабасы” мен «Терек» футбол клубтары арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды

АЛМАТЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Футболдан Түркияның Анталия қаласында Шешен Республикасының тұңғыш Президенті   Ахмат Қадыровтың кубогы үшін   халықаралық турнир өтіп жатыр.

“Ордабасы” мен «Терек» футбол клубтары  арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды

 Ол 28 қаңтарда  «Б» тобындағы командалардан  Польшаның Варшава қаласының  «Полония»  мен Өзбекстанның Ташкент қаласының  «Пахтакор»  командаларының кездесуімен ашылған болатын. Онда 2:1 есебімен  поляк аяқдопшылары жеңіске жетті.  "А" тобында өнер көрсеткен  Шымкенттің «Ордабасы» клубы Грозный қаласының  "Терек" командасынан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бүгін олар енді румын ("Рапид") аяқдопшыларымен күш сынаспақ. Румындықтар алғашқы кездесуде латвиялықтарды («Даугава»),  украиндар («Металлис»)  әзірбайжандарды ( «Нефтчи»)  3:1 есебімен ұтты.