«Ордабасы -«Млада Болеслав» матчы кезінде келеңсіз жағдай болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік полицейлер Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында құқық тәртібін қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Ордабасы -«Млада Болеслав» матчы кезінде келеңсіз жағдай болды

Бұл матчта шымкенттік «Ордабасы» чехтың «Млада Болеслав» клубынан 2-3 есебімен жеңілді.

«Ойын барысында алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерлердің бірін тәртіп сақшылары дер кезінде ұстап үлгерді.

Қазіргі таңда полицейлер онымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде,- делінген хабарламада.