«Ордабасы» тараздық команданы айқын басымдықпен жеңді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте «Ордабасы» футбол командасы өз алаңында тараздықтарды қабылдады. Ойын алаң иелерінің жойқын шабуылымен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Жанкүйерлер керемет голды көп күткен жоқ. Алғашқы голды Еркебұлан Тұңғышбаев баспен кіргізді. Арада аз уақыт өткенде Самат Сымақовтың оң қанаттан шығарған пасын Азат Нұрғалиев баспен бағыттап есепті 2-0-ге жеткізді. Қонақтар сапында ойынға қосылған 17 жасар жас талант Еркебұлан Сейдаxмет алаң иелері қорғанысын бұзып өте алмады. Ойынның аяқталуына бес минуттай уақытта ойынға алмасып шыққан Гогуа Гогита кездесудің нүктесін қойды. Ол айып алаңында бірнеше ойыншыны, тіпті қақпашыны алдап барып гол салды. Есеп 3-0.