«Ордабасының» хорватиялық легионерін Шымкенттің ыстығы әбігерге салуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің аптап ыстығы «Ордабасы» командасының шетелдік ойыншысы Оливер Петракты біраз әбігерге салуда. Хорватиядан келген орталық қорғаушы шілденің шіліңгір ыстығы нағыз сынақ болып отырғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Бірінші айналымнан кейінгі трансферлік маусымда «Ордабасының» сапына  шақырту алған хорватиялық Оливер Петрак «Шахтер» командасымен болған матчта өзінің алғашқы ойынын өткізді. Орталық қорғаныста команданың үйлестірушісі  болған оның шеберлігіне жанкүйерлер жылы пікірлерін білдіруде. Ал Оливер Петрак ойын кезінде оңтүстіктің ыстық ауа райы басты сынақ болғанын айтуда.

«Еуропаның қоңыр салқын климатынан Шымкенттің шіліңгір ыстығына көндігу маған ауыр сынақ болды. Дегенмен, біздің команда ойынның бірінші кезеңінде басымдығын байқатты. Солай бола тұра, көптеген мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Қаншама өткір шабуылдарды голға айналдырмадық. Екінші таймда көп күткен голға қол жеткіздік. Срджан Вуяклияға ризамын.  Алаңға алмасып шыға салысымен, сәті келгенде керемет гол салды. Негізінен, біздің жігіттердің ауа райының ыстығына қарамай жанын салып ойнағаны ұнады. Алдағы кезде де өз жанкүйерлерімізді қуантамыз деп сенемін»,- деді Оливер Петрак.

Айта кетейік, Оливер Петрак 1991 жылдың 6 ақпанында Хорватияның Загреб қаласында туған. Футболдағы мансабын «Загреб» командасының жасөспірімдер командасында бастады. Бұдан кейін Хорватияның «Динамо», «Локомотив», «Лучко», «Истра-1961», «Сесвете» командаларында өнер көрсетті. Ал 2014 жылдан Боснияның «Зриньски» командасында ойнады. Хорватия жастар және жасөспірімдер құрамасының мүшесі болды.  Негізінен орталық қорғаушы, үйлестіруші. Салмағы - 87 келі, бойы - 183 см. 

Соңғы жаңалықтар