Өрескел қате жіберген судьялар жазадан құтылмауы тиіс – ҚР Жоғарғы сот төрағасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Жоғарғы сот 2022 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпартқа сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың кеңейтілген кеңесінде ведоство басшысы Асламбек Мерғалиев сот жүйесін дамытудың жаңа басымдықтарын айқындады.

Сот билігінің консервативті сипатына тоқтала келе, ол соңғы жылдары бірқатар өміршең реформалар жүргізілгенін атап өтті. Спикер сот жүйесін жаңғырту бойынша судьялық кадрлар, сот төрелігін жүзеге асыру және сот әкімшілігін дамыту бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысына назар аударды.

А.Мерғалиевтің пікірінше, реформалар жан-жақты ойластырылып жүргізілгенде ғана азаматтар мен кәсіпкерлердің мәселелерін шешеді. Сот төрелігінің сапасын арттыру мақсатында келесі шешімдер қабылданды:

- сот процестерін, әсіресе, жабық істер бойынша, кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен болатын және т.б. отырыстарды офлайн форматта өткізу;

- сот практикасын қорытумен байланысты құжаттарды әзірлеуді жандандыру және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын өзектендіру;

- өрескел қате жіберген судьялардың жазадан құтылмауын қамтамсыз ету.

- судьялардың еңбекақы жүйесін теңестіру.


Фото: facebook.com/AidosSaduakassov

Соңғы жаңалықтар
telegram