«Оrient» шығыс журналистикасы ғылыми орталығы ашылды

ҚазҰУ-дың журналистика факультеті мен «AFG-QAZ» Ауғанстан-Қазақстан серіктестік қауымдастығымен екі тараптық ынтымақтастық аясында «Orient» ғылыми орталығы құрылды.
«Orient» орталығының ережесіне сәйкес, AFG-QAZ қауымдастығы басты серіктес болып табылды.
«Orient» орталығының зерттеу қызметі Таяу Шығыс және Орталық Азия, соның ішінде Ауғанстан мен Қазақстанды қамтиды. Қазіргі уақытта ауған елінен келген жастар Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасына арналған Мемлекеттік білім бағдарламасы арқылы ҚазҰУ-да үкіметаралық грант негізінде бакалавр, магистрлік және PhD докторлық бағдарламары бойынша білім алуда.
«Orient» орталығының негізгі мақсаты Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері журналистикасы мен жаңа медиа саласындағы білім беру мен ғылыми-зерттеу шараларын ұйымдастыру, өткізу. Осы күнге дейін халықаралық деңгейде дәстүрге айналған Журналистика жазғы және қысқы мектептеріне спикер ретінде қатысып жүрген Түркия, Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырзғыстан елдерінен келген БАҚ жетекші өкілдері мен жоғары оқу орындары ғалымдары бастаманы қолдайды. Орталық жұмысының басты мақсаты Шығыс елдерінің медиа нарығы мен білім еру жүйесімен бірлескен мәдени-ағарту, ғылыми-зерттеу және ақпараттық-имидждік қызметті үйлестіру, орындау саналады.
AFG-QAZ қауымдастығы төрағасы Ө. Бітімов: «Шығыс журналистикасы орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін іс-шараларға Шығыс елдерінің дипломатиялық қызметтері қатысуы мен қолдауы біздің бірлескен жұмысыздың басым бағыты болмақ», - дейді.
«Orient» орталығы Шығыс елдерінің журналистикасы мен медиасекторын зерттеумен қатар, елдер арасында коммуникацияаралық байланысты дамытады.