Орыс сыныптарын қазақ тілінен емтихан тапсыруға міндеттеу оқушыларға не берді – Ғани Бейсембаевтың жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында орыс сыныптарын қазақ тілінен емтихан тапсыруға міндеттеу оқушыларға не бергенін айтты.

Гани Бейсембаев
Фото: ҚР Үкіметі

- Өткен жылдың талдауы қазақ тіліне деген қызығушылық артқанын көрсетті. Бұл бірінші кезекте аталмыш пәнді оқытудың жауапкершілігін көтеріп отыр. Алғашқы оң нәтижелер де бар.

Емтиханның басты мақсаты – қызығушылық пен үлгерім деп ойлаймын. Бұл емтихандар жалғаса береді, - деді министр. 

Оның айтуынша, бұл емтиханның білім сапасына қалай әсер ететінін нақты анықтау үшін біраз уақыт керек. 

- Биылғы емтихандардың қорытындысын көруіміз керек. Бәлкім 2-3 жыл өткеннен кейін дұрыс талдау жасалып, түбегейлі шешім қабылдайтын шығармыз, - деді Ғани Бейсембаев.

Министрліктің ресми дерегіне сүйенсек, биыл 1,7 млн оқушы қазақ тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырады

Соңғы жаңалықтар