«Өркен» гранты бойынша қосымша конкурстық іріктеу отырысы өтті

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 27 тамызда министр Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді. Жиында ағымдағы жылғы тамыз айының басында өткен қосымша конкурстық іріктеу нәтижелері шығарылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Өркен» гранты бойынша қосымша конкурстық іріктеу отырысы өтті

«Өркен» білім беру грантына Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері 7-10 сыныптарының 366 оқушысы үміткер болды.

Комиссия мүшелерінің қарауына 135 үміткерлердің материалдары ұсынылды. Нәтижесінде 123 үміткерге «Өркен» гранты тағайындалды. Биылғы жылы жаңашылдықтардың бірі - резервтік тізімге 9 үміткер ұсынылды. Ваканттық орын пайда болған жағдайда резервті тізімдегі оқушылар оқу жылының ішінде қосымша конкурстық іріктеуге қатыспастан Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға шақырылады.

2011 жылғы 28 шілдеде бекітілген Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бос орындарына резервтік тізімдегі 3 үміткерге грант тағайындалды.

Конкурстық іріктеу екі кезеңмен өткізілді. Конурстың бірінші кезеңі конкурстық іріктеудің процедурасын жетілдіруге, объективтілікті және емтиханның тазалығын қамтамасыз ететін компьютерлік тестілеу түрінде өткізілді. Екінші турға өту үшін максималды балдың 40 % алу жеткілікті.

Екінші турда үміткерлер ең жоғары 30 баллмен бағаланатын физико-математикалық немесе химия-биологиялық бағыттарда бақылау жұмысын орындады, мұнда ең төмені 9 балл, яғни ол максималды баллдың 30% құрайды.