Орландо әуежайында ұшақ қолтырауынды басып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қолтырауын Orlando Executive әуежайында ұшақпан соқтығысып қалды. Соққы салдарынан бауырымен жорғалаушы жан тапсырып, ал ұшақ зақымданды.
Шағын ұшақ ұшу-қону жолағын кесіп өте берген сәтте секірген қолтырауын оның қанатына соғылды.
Қолтырауынның салмағы 200 келіден асады.
" Бұл жылдар бойы авиацияда көргендерімнің ішіндегі ең ақылға сыйымсыз жағдайлардың бірі. Флоридаға қош келдіңіздер", - деп жазды "facebook-қа" жергілікті ұшқыш Брэд Пирс.