Орландо қаласындағы атыстан 5 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Орландо қаласында атыс болып, одан кемінде бес адам опат болды, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Жергілікті полиция өкілінің Twitter-дегі парақшасында «Құқық қорғау органдары оқиға орында жұмыстар жасап жатыр. Ол жалпы бақылауға алынды. Зардап шеккендер бар бар», - деп жазылған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кемінде 5 адам қаза тапқан. Оқ атқан қаскөйдің өзі де көз жұмған. Оқыс оқиға негізінен кеңселер орналасқан ғимаратта болды.

Атыстың себеп-салдары анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар