«Өрлеу ақпараты» атты республикалық инновациялық тақырыпта журналисттік байқау өтеді

АЛМАТЫ. 2 Қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Ұлттық инновациялық қор» АҚ «Өрлеу ақпараты» атты республикалық инновациялық тақырыпта журналисттік шығармалар байқауына өтініштер қабылдайтынын хабарлады.

«Өрлеу ақпараты»  атты республикалық инновациялық тақырыпта журналисттік  байқау өтеді

Байқауға баспасөз, телеарна, радио және веб-құралдарымен қоса барлық БАҚ түрлері шақырылған. Сонымен қатар байқауға тәуелсіз тілшілер, өнерпаз жастар, инновация саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатыса алады.

Байқауға Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы басталған күнінен (19.03.2010) бастап қазақ және орыс тілінде БАҚ орындарында бұрын жарияланған, не көрсетілген материалдар қабылданады. Мерзімді басылымдар авторлары үшін инновациялық тақырыптағы «50.kz» арнаулы журналында шығармасын қосымша жариялауға мүмкіндіктері бар дейді ұйымдастырушылар. Мақалалар Dinara.Tussupova@nif.kz электрондық адресі бойынша қабылданады.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі биылғы жылдың желтоқсан айында өтеді. Әр жеңімпазға 300 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық тағайындалған. Сонымен қатар инновация мәселелерін ең белсенді көтеретін БАҚ редакциясына арнаулы жүлде берілмек. Өтініштер ағымдағы жылғы 24 қарашаға дейін қабылданады.

Жеңімпаздар "Креативті ұстаным", "Сындарлы сын", "Сараптамалық көзқарас", "Жас қалам", "Тақырыпқа адалдығы үшін", "Беделді пікір" аталымдары бойынша анықталатын болады.