Өрлеу" жобасын жүзеге асырудың барысы туралы дөңгелек үстел жиыны өтуде

АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлсіз топтары арасында Адам иммунотапшылығының вирусы (ВИЧ) бойынша сауықтыру бағдарламасын кеңейту жөніндегі "Өрлеу" жобасын жүзеге асырудың барысы туралы дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр.

Өрлеу" жобасын жүзеге асырудың барысы туралы дөңгелек үстел жиыны өтуде

Оған қаржы АҚТҚ мен туберкулезбен күрестің ғаламдық қоры арқылы "АҚТҚ-мен күрес пен сауықтырудың республикалық орталығы" мемлекеттік мекемесіне аударылып отыр.

"Бұл жоба 2009-2013 жылдар аралығында 2 кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқысы 2009-2010 жылдарды, екіншісі 2011-2013 жылдарды қамтиды. Оған Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей және Павлодар қалалары еніп отыр. 15-24 жас аралығындағы жастар арасында жүргізілетін бұл шараның басты мақсаты Адам иммунотапшылығының вирусы мен есірткі тұтынудың таралуын азайту", - дейді үкіметтік емес PSI корпорациясының Қазақстандағы бағдарлама директоры Мира Сауранбаева. Оның айтуынша, бұл жобаға грант түрінде 3 миллион доллар қаржы бөлінген. Оны жүзеге асыру кезінде еріктілер жастар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, орталықтан тегін қеңес алуға шақырады. Онда психолог, гинеколог сияқты кәсіби мамандар қызмет көрсетеді. Сондай-ақ тренингтер өткізіліп, жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін тегін үйірмелер ұйымдастырылады. Ол қазірдің өзінде өз нәтижесін беруде. Оны жергілікті атқару органдарының ресми мамандары да растап отыр. Мәселен Алматы қаласы Әуезов ауданында жастар арасындағы қылмыс көрсеткіші қазіргі таңда төмендеп келе жатыр.