Орман өрттерінің 55%-ы найзағайдан тұтанған - Зүлфия Сүлейменова
«Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ-мен бірлесіп, орман қоры алаңдарының ғарыштық мониторингі жүзеге асырылып жатыр. Шағын аудандарда орман өрттерін уақтылы анықтау және жою мақсатында 9 облыста 8,8 млн гектар алаңда авиакүзету орындалып отыр. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, биыл жалпы ауданы 19,8 мың гектардан асатын 122 орман өрті тіркелді, оның 1,3 мың гектары – орманды алқап», - деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысында баяндама жасай отырып.
Сондай-ақ, министр орман өрттері жүру, өту мүмкіндігі болмайтын аумақтарда жиі тіркелетінін атап өтті.
«Өрттер негізінен қамыспен жабылған, өтуге мүмкін емес батпақты жерлерде болды. Мәселен, былтыр республиканың мемлекеттік орман қорының аумағында, яғни 104,5 мың гектар алқапта 801 орман өрті оқиғасы болды. Оның ішінде орманды алқап алаңы – 49,9 мың гектар. Орман өрттерінің 55%-ы найзағайдан болды. 12 жағдайда – тұрғындар, 9 оқиғаға кәсіпорындар мен ұйымдар кінәлі. Қалғандары анықталмаған себептерден туындады», - деп түйіндеді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, таяда еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өртті ерте анықтау жүйесі енгізілмек.