Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидалары бекітілді
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР-да орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды ресми БАҚ.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы
2012 жылғы 18 сәуір Астана қаласы, № 25-02/176
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 18-7) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е. Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 18 сәуірдегі № 25-02/176 бұйрығымен бекітілген
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидалары республикалық БАҚ-та жарияланған.